Атырау, 22 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елімізде сайт оқырмандарының санын анықтайтын жоба іске қосылды

Бейнежазба
1 820 рет қаралды


Елімізде интернет порталдардың нақты оқырмандарының санын анықтайтын olshem.kz сайты іске қосылды. 

Оның көмегімен жарияланған ақпараттың дерекөздерін білуге болады. Сондай-ақ бір тәулік ішінде немесе апта мен бір айдағы ең үздік жарияланымдарды анықтауға да мүмкіндік бар. Оқырмандармен де кері байланыс орнатылған. Қолданушылар порталдардың жұмысын салыстырып, 1 апта ішінде жасалған сараптаманы жүктей алады.

Әзірге бұл жобаға 25 БАҚ қатысып отыр. «Хабар 24» арнасының сайты да сол тізімде. Айта кетейік, жаңа ресурсты америкалық компания қаржыландырды. 

Сәкен Балбаев, Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры: - Бұл жүйе әр ақпарат құралына, әр редакцияға өзінің аудиториясын өлшеп береді. Ал редакцияның оны қолдану-қолданбауы өз қолында.  Және жарнама берушілермен жұмыс істегенде, өзінің аудиториясын нақты көрсетіп береді. Көрсеткіштер өте көп.


Дереккөз: 24.kz

11 наурыз 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.