Атырау, 17 мамыр 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Каспий жағалауына жүздеген шаян шығып қалды

Бейнежазба
2 579 просмотра


Ақтауда Әскери жағажайдың аумағында жүздеген шаян жағаға шығып қалды, - деп хабарлайды inAktau.kz.

Бұл 2018 жылы 11 наурызда таңертең болды. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әдізал Шихметовтың айтуынша, бұл дауыл соғуына байланысты құбылыс екен.  

Жергілікті тұрғындар дереу шаяндарды жинап алды.  Әдізал Шихметов көктем келуі және дауыл соғуына байланысты осындай құбылыс болуын түсіндірді. 


"Көктем келді, қыстан кейін шаяндар әлсіреді, сондықтан дауылды ауа райының салдарынан оларды жағаға лақтырды. Бұл қалыпты құбылыс, олар өздері суға кетеді", - деді балық шаруашылығы бөлімінің басшысы. Ол сондай-ақ, 2019 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде облыста шаяндарды аулауға тыйым салынғанын еске салды. Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) 50 500 теңгеге (20 АЕК) дейін айыппұл салынады.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 наурыз 2019, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.