Атырау, 22 желтоқсан 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Эфиопиядағы апат: Еліміздің әуе компанияларында ұшу қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

1 745 рет қаралды

 

Азаматтық авиация комитеті паркінде Boeing ұшағы қазақстандық әуе компанияларына нұсқаулық жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті эфиопиялық «Ethiopian Airlines» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасының паркінде  Б-737 (CLASSIC, NG, Max), Б-757/767 санатындағы әуе кемелері бар компанияларына тренинг өткізіп, процедураларды әзірлеуге, сонымен қатар жаттығу дайындығы бағдарламасына экипаждың ұшу кезеңіндегі жылдамдық, биіктікті алу және эшелон құрылғылары дұрыс көрсетпеген жағдайда әрекет ету іс-қимылын қосуға кеңес береміз», - делінген комитет хабарламасында.

Дереккөз: inform.kz


11 наурыз 2019, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.