Атырау, 12 қаңтар 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Қарағанды облысында жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды

1 588 рет қаралды


8 наурызда Қарағанды облысы Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі жергілікті Полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған. "Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты баланың бапкері және жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне тексеріс жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды", - деді полиция өкілдері. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болғанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

11 наурыз 2019, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.