INFORMBURO.KZ. «Қазақ жас ерекшелігіне неге мән берген?» - Қазақта дүние есігін ашқан күннен бастап бала жасын белгілі атаумен атаған. Сөйтіп әр адамға жасына лайық міндет жүктеген.
«Түрік асханалары Алматыны жаулап алды. Қазақ кәсіпкерлері неге бәсекеге қабілетсіз?» - Informburo.kz тілшісі еліміздегі асхана бизнесіне түркиялық кәсіпкерлердің ықпалын анықтап, отандық кәсіпкерлерге қандай кедергілер барын іздеп көрді.
TURKYSTAN.KZ. «Венесуэла, қайда барасың?» - Венесуэладағы халық наразылығы мен таққа талас күшейіп барады. Бір емес «екі президенті» бар, мұнай өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы елдердің тобына кіретін бұл елдегі халықтың қазіргі жағдайы тым мүшкіл. Азық-түлік, дәрі-дәрмек жетіспей, 3 миллион адам туған отанын тастап, басқа мемлекеттерге көшіп кеткен. Венесуэла Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің 85 пайызы жоқ. Ал мемлекеттегі жанармай қоры тіпті аз. Экономистердің болжамынша, жанармай тек сәуір айының ортасына ғана дейін жетеді.
«Жәнібек ән салады...» - Жәнібек Кәрменов, Ақселеу Сейдімбек және Ұлықбек Есдәулет. Телестудияда. 1980. Қазақтың дүлдүл әншісі Жәнібек Кәрменұлы тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, ол қызықты көруге Жаратқан нәсіп етпепті. Дегенмен де Жәнібектің дауысы қазақ аспанында өшпейді. Біз осы мерейтойға орай біртуар тұлға жайлы бір топ пікірлерді жариялап отырмыз.
«Ең бай әйел һәм экономика» - Тізіміне тек қалталылардың есімін тіркейтін «Форбс» журналы әлемдегі ең бай әйелді атады. Ол «L’Oréal» косметикалық империясының мұрагері және компания директорлары кеңесінің төрайымы Франсуаза Бетанкур-Майерс.
«Кәсібі – киберспортшы. Компьютер ойындары арқылы қалай ақша табуға болады?» - Қазақстандық прогеймерлер мен киберспорт сарапшылары компьютер ойындарының артықшылығы мен онымен қалай табысқа жетуге болатыны жайлы әңгімеледі.
CAMONITOR.KZ. «Қазақстан билігі діни саламен не істеу керектігін білмейді ме?» - Діни қызмет туралы заң жобасының тағдыры қайғылы болып шықты. Алдымен оны ұзақ уақыт бойы сынға салып, содан соң ашық түрде елемей қойған еді, ал енді мүлдем жауып тастады. Жақын айларда оны қайта жандандырама – әлі белгісіз. Бірақ егер осындай іс-шаралар орын алса, онда логика бойынша, бізге оның қазіргі жағдайдан айтарлықтай ерекшеленетін жаңа нұсқасын ұсынады. Оның қандай ерекшеліктері болады? Біз сарапшылардан осы мәселе бойынша ой-пікірлерімен бөлісуді өтіндік.
AZATTYQ.ORG. «Атақ пен ақша. Қазақ боксшылары неге кәсіпқой боксты таңдайды?» - Кәсіпқой боксшылардың рейтингін жүргізетін Boxrec сайты базасында 77 қазақстандық боксшы бар. Бұл бес жыл бұрынғымен салыстырғанда үш есеге жуық көп. Кәсіпқой боксты таңдаған қазақстандықтардың басым бөлігі АҚШ, Канада, Англия, Ресейде жаттығып жүр. Қазақстандық боксшылар не үшін жаппай кәсіпқой боксқа кетіп жатыр? Азаттық бұл тенденцияның себебін анықтап көрді.
«"Қытайдың ішкі құпиясы". "Қайта тәрбиелеу лагерьлері" туралы фильм» - Азаттықтың Орыс қызметінің тілшілері Константин Саломатин және Юлия Вишневецкая "Қытайдың ішкі құпиясы" атты Шыңжаңдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлері" туралы фильм түсірді. Фильм авторлары "Шыңжаңдағы сепаратизмнен қауіптенген Қытай билігі ондағы аз ұлт өкілдері: ұйғыр, қазақ, қырғыз және моңғолдарға қысым көрсетіп жатыр" деп тұжырымдайды.
«Полиция "Атажұрт еріктілерінің" жетекшісін ұстап, "кеңсесін тінтті"» - Наурыздың 10-ы күні полиция Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлері" жайлы жиі айтып, мәселе көтерген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, "ұлтаралық араздық қоздыру" ісі бойынша тергеген. Ал кейінірек ұйым кеңсесінде тінту жүргізіліп, заттар тәркіленгені хабарланды.