Атырау, 17 мамыр 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Астанада кәріз құдықтарына қақпағы ашық қалғандығынан белгі беретін құрылғы орнатылды

Бейнежазба
2 334 просмотра


Астанада кәріз құдықтарына белгі беретін құрылғылар орнатыла бастады. Қақпағы ашылған жағдайда оған жауапты қызметке бірден құдықтың геолокациясымен бірге хабарлама келеді. 

Кәріз құдықтары қолды болып кетпеу үшін құрылғы қоюдан басқа тағы не істеуге болады?  Елордадағы  белгі беретін құрылғы орнатылған алғашқы кәріз құдығы осы. Жобаны сынақтан өткізіп жатқан мамандардың айтуынша, технология ұрыларды ұстап бермейді. Оның қайда қашқанын көрсетпейді. Бірақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шойын қақпақты ашқанда коммуналдық қызметке, жеке пәтер иелері кооперативіне,  ұялы телефондарына қосымша жүктеп алса тұрғындарға дейін хабарлама келеді.

Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы: - Сіздің телефоныңызға  ситуациялық орталыққа хабарландыру  келіп түседі люктың қақпағы ашылды деп. Бұл датчикті біз «Ақылды аудан» деген жобаның шеңберінде «Жастар» шағын ауданына орнаттық. Екі аптадан бері сынап жатырмыз. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімді ма, тиімді емес па бұл талқыланатын мәселе.    Расымен бұл жаңашылдық қомақты қаржыны талап етеді. Біреуінің өзіне 45 мың теңге  жұмсалады. Ал елордада 60 мыңнан астам кәріз құдығы бар. Оның барлығына осындай құрылғы орнататын болса, 3 млрд теңгенің көлемінде қаржат керек.

Артём Нюдильчиев, компания өкілі: - Біз кәріз құдықтарына түгелдей белгі беретін қондырғы орнату керек деген ойдан аулақпыз. Бірақ балалар аулалары, мектеп алаңдары, емханалар мен ауруханалардың алдындағы кәріз құдықтарына осындай құрылғылар қойылса артық етпейді. Бұл бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесін шешер еді.    Шойын қақпақ ұрлығының жолын кесу үшін  бұдан өзге де әдіс-тәсілдер қарастырылып жатыр. Мәселен, құдықты арнайы тормен жабу немесе полимер қақпақпен бекіту, сондай-ақ  бірнеше жерінен дәнекерлеп тастау жолдары ұсынылды. Темір-терсек қабылдайтын орындар тексеріліп, тиісті мекемелерге тапсырма берілсе де әзірге ашық құдықтар мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Соңғы үш  айдың ішінде Астанада екі  бірдей жасөспірімнің ашық құдыққа құлап мерт болғаны мәлім.


Дереккөз: 24.kz

10 наурыз 2019, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.