Атырау, 17 мамыр 15:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Полиция "Атажұрт еріктілерінің" жетекшісін ұстаған

2 036 просмотра

"Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш. Алматы, ақпан айы 2019 жыл

"Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті полиция қызметкерлері наурыздың 10-ы күні Алматыдағы қонақ үйден түнгі екі жарым шамасында ұстап алып кеткен. Қазір ол Астана қалалық полиция департаментінде отыр деп хабарлады Азаттық.

Оның айтуынша, сенбі, 10 наурызда "Серікжан Біләшті белгісіз біреулердің аңдығаны белгілі болғаннан кейін" әріптестері қауіпсіздік мақсатында үйіне емес, қонақ үйге баруға көндірген. Түн жарымда есікті теуіп ашып кірген 10-15 шақты адамның арасында форма кигендері де, қарапайым киіммен жүргендері де болған. Олар Серікжан Біләшті ұстап, дереу ұшақпен Астанаға жеткізген.

"Таңертең Серікжанның өзі бізге хабарласты. Әзербайжан, татар мәдени бірлестіктерінің жиынында сөйлеген сөзін біреулер бұрмалап, полицияға арызданған екен. Сол арыз негізінде ұстаған. Бұл прокуратура санкциясымен сотқа жіберілген дүние емес екен. Баса-көктеп кіріп, халықты қорқытып үркітуге бола ма?" дейді Қайрат Байтолла Азаттық тілшісіне.

Астана қалалық полиция департаменті "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ұсталғанын растады.

"10 наурызда Астана қалалық полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік және ұлттық арандатуға бағытталған іс-әрекеттерге барды деген күдікпен Серікжан Біләшті ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа жайттар жария етілмейді" делінген полиция мәлімдемесінде.

"Атажұрт еріктілері" ұйымы Facebоok-тағы парақшасында ұйымның кеңсесін 10 наурызда полиция қызметкерлері тексергенін де хабарлады.

Дереккөз: azattyq.org

10 наурыз 2019, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.