Танымал әнші Қайрат Нұртас Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әнші сұхбатында үлкен ұлы Нарұлдың жүрегіне ота жасатқаны жайлы тұңғыш рет ашып айтты. Сондай-ақ, ол Меккеге сапарын, осыған дейін өмірінде жасаған қателіктері туралы әңгімелейді. Қайрат Нұртас енді бір жыл бойы концертпен ешқайда да шықпайтынын мәлімдеп, мұның себебі неде екенін ашты. Сонымен қатар, ол өзін әнші Төреғали Төреәлімен салыстыратындарға қатысты пікірін әрі Ресейдің атақты әншісі Стас Михаиловпен дуэт айтатыны туралы жаңалығын жеткізді.
Сұхбатында ол жары Жұлдыз Әбдукәрімованың не себепті тележүргізуші қызметіне қарсы болғанын, Айқынның жаңа әніне қалай сөз жазып бергенін баяндады.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0