Атырау, 12 қаңтар 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Айына 42 мың теңге - Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны

2 164 рет қаралды


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлерге қойылатын шарттарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет басшысы әкімдікте кезекте 487 мың адамның тұрғанын айтты. Оның 28 мыңы - көпбалалы аналар. "Пәтердің бағасы шамамен 8,4 миллион теңге, аумағы - 60 шаршы метр. Шаршы метріне 140 мың теңге", - деп мысал келтірді Мархабат Жайымбетов үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаны 2019 жылдың екінші жартысында жүзеге асырмақ. Аз қамтылған және көпбалалы отбсыларға барлығы 42 мың пәтер беріледі. "Пәтер 8 миллион теңге тұрса, 800 мың теңгені тұрғын үй сертификаты арқылы өтей алады. 19 жылға екі пайыз: айына 42 мың теңгеден шығады, сосын келесі жылдары шамамен тоғыз жыл бойы 27 мың теңгеден шығады", - деп есептеді Жайымбетов.                 

Дереккөз: tengrinews.kz

6 наурыз 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.