Атырау, 22 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асылып қалды

1 621 рет қаралды


Оралда облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметтік кабинетінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше болған. Шамамен сағат 21.00-де департаменттің кезекші бөліміне басқарма басшысының орынбасары Хасен Тоясовтың денесі табылғаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асылып қалған. 

«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  марқұмның денесін күзетшілер басшының демалатын бөлмесінен тауып алған.    

Дереккөз: inform.kz

 

6 наурыз 2019, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.