Атырау, 17 мамыр 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Асқар Мамин мемлекеттік органдарға мобилизациялануды тапсырды

1 436 просмотра


Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің, сондай-ақ бірқатар облыстардың әкімдерінің "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндамалары тыңдалды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Биыл 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады. Асқар Мамин бағдарламаны іске асыру Қазақстанның транзиттік әлеуетінің, сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымының дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Бұл кезеңде 8 мың шақырым автожол, 3 шақырым жылумен және сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланды, 1776 шақырым болатын Солтүстік-оңтүстік электр беру желілерінің үшінші желісі пайдалануға берілді. 

"Бағдарламаның аса маңызды міндеті - халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Жаңа жолдар салу жүк тасымалдау кезінде бизнес үшін көліктік шығандарды кемінде 15 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл өзіндік құнына және тұтынушылар үшін түпкі бағасына ықпалын тигізеді", - деді Асқар Мамин. 

Өткен жылдың өзінде ғана 86 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кеткен жөн. Биыл жоспарға сәйкес тағы 54 мың жұмыс орнын құру көзделген. Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуға үлкен серпін берді. Өткен жылдың өзінде ғана транзиттен түскен кіріс $1,5 млрд құрады. 

Ал транзиттен қосымша табыс алу мақсатында осы жылдан бастап, Астана - Щучинск жолынан бөлек, 471 шақырым ақылы жол пайдалануға берілді. Оның ішінде Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас жолдары бар. 2020 жылы 5,5 мың ақылы жол іске қосылады. Премьер-Министр экономиканың дамуына үлкен үлес қосқан және ұзақ мерзімді оң әсер тигізген жобалардың бірі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы болғаныны атап өтті, оның аясында 47 жаңа өндіріс пен 73 қызмет көрсету нысаны құрылды. 

Жобаны іске асырудың орташа жылдық жиынтық тиімділігі - 200 миллиард теңге. "Бағдарлама аяқталатын биылғы жылға да үлкен жоспарлар бар. Республикалық маңызы бар 4,4 шақырым жол реконструкцияланып, 5 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді. Осыған орай, мемлекеттік органдар, құрылыс компаниялары белгіленген жоспарларды орындау үшін қарқынды жұмыс атқаруы тиіс", - деді Асқар Мамин. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Нұрлы жол" бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған келесі кезеңін әзірлеуді тездету тапсырылды. Осы айда бағдарламаның тұжырымдамасын ұсыну қажет.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 наурыз 2019, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.