Атырау, 22 желтоқсан 19:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Головкин жаңа телесеріктеспен келісімшарт жасады

1 743 рет қаралды


Боксшыға DAZN мен PBC ұсыныс жасап отыр.

Бүгін, 5 наурызда орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне осы мәселе айналасында жүрген мәлімет көзі хабарлады. 

Бұл ақпарат бойынша, келісімнің шарттары келісілген, енді Головкинге өз шешімі туралы ресми хабарлау ғана қалды. 

Мұның алдында БАҚ Головкин мен DAZN арасында келісім бары және боксшы рингке мамыр немесе маусымда оралатынын хабарлаған. Келісімшарт екі жекпе-жекке жасалып, алдағы уақытта бес-алтыға артыуы мүмкін. 

Бұл келісімшарт Головкинді мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке бір табан жақын етеді. Қазанда мексикалық DAZN телесеріктесімен 11 жекпе-жек үшін 365 миллион долларға бес жылдық келісімшарт жасасты. 

Дереккөз: vesti.kz

5 наурыз 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.