Атырау, 12 қаңтар 02:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​​Грузия алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға тапсырды

2 057 рет қаралды


Грузия алаяқтық жасады деген қазақстандықты елге экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Саят Ислямов Астана, Алматы және Қарағанды қаласында алдын ала келіскен топ ішінде бірнеше ірі алаяқтық іс-әрекет жасады деп күдікке ілінді.  

Тергеу болжамы бойынша, ол сегіз адамды жалпы сомасы 250 мың долларға (94 миллион теңгеден астам) алдап, ізін суытқан. Күдікті оларға шетелден автокөлік алып келемін деп уәде берген-мыс. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.  

"Қазіргі уақытта Ислямов Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 наурыз 2019, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.