Атырау, 17 мамыр 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қарағанды облысы әкімі орынбасарының бауыры қамауға алынды

2 068 просмотра


Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішевтің бауыры да қамауға алынды. Бұл мәліметті Қарағанды облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "Иә, оны да 22 ақпанда екі айға қамауда ұстау санкциясы берілді. Ол кәсіпкері, ЖШС директоры, оның есімі Елдар Әбішев", - деді сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды. Оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғаларымен алдын ала сөз байласу арқылы 36 миллион теңгеден аса сомада бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. 

Қаражат облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етуге бөлінген, атап айтқанда бағасы жоғарылатып көрсетілген және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтін тұғырлар мен мүгедектерге арналған арбалар алынған

Дереккөз: tengrinews.kz

 

4 наурыз 2019, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.