Атырау, 17 мамыр 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстандық әйел Ресейде қалған баласын қайтара алмай жүр

1 379 просмотра


ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейде баласынан айырылған қазақстандық әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан азаматы Дана Әмеева өткен жылы баласын қайтарып алуға көмек сұраған болатын. Кезінде ол Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Калининград қаласына көшкен. Отбасылық себептермен екі жылдан кейін ажырасқан және Калининград қаласының соты баланы анасымен қалдыру туралы шешім шығарған. Алайда, баланың әкесі сот шешімін орындамай, Беларусь пен өзге де еуропалық қалалар арқылы сәбиді алып кеткен», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен апталық брифингте. 

Оның айтуынша, Санкт-Петербургтегі Қазақстан Консулы бұл мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Олар бірнеше рет Ресейдің құқық қорғау және сот органдарына жүгініп, сот шешімінің орындалуын талап еткен. Алайда, жергілікті билік бала мен әкенің қайда екенін білмеген. 

«Өткен айда әке мен баланың Калининград қаласына қайтып келгені хабарланды. Судья мен Дана Әмеева баланы көруге барды. Баланың әкесі сәбиге РФ азаматтығын алып берген. Қазақстан азаматтығынан шықпаған сәбиге Ресей азаматтығы қалай берілген? Сондықтан, бұл өзекті мәселе бойынша жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деді Айбек Смадияров. 

Дереккөз: inform.kz

4 наурыз 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.