Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Денис Теннің қазасына қатысты сот үкімі қайта қаралады

1 629 просмотра


Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына қатысты шығарылған үкім Алматыда 13 наурызда қайта қаралады, деп хабарлайды Today.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы А. Құдайбергенов, Н. Қиясов, Ж. Толыбаеваға қатысты шыққан үкімнің қашан қаралатынын бекітті, ол 2019 жылдың 17 қаңтарында қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотта шыққан үкімге қатысушылардың аппеляциялық шағымы бойынша жүзеге асты", – делінген хабарламада.

Сот тыңдалымы 15:00-де болады. Шағымды мәнерлеп сырғанаушының анасы түсірген. Оның ойынша, тергеу амалдары толық жүргізілмеген, сот сотталушылар "қылмысты басқа адамдардың бұйрығы бойынша жасаған" деген сөзді есепке алмаған.

Шағымды сотталушылардың өздері де түсіргені бұрын хабарланған еді. Әрқайсысы 18 жылға сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов та сот үкімімен келіспейтіндерін айтқан. Сотталушылар үкімге қарсы шағымды екі аптадан соң жасаған. Мәнерлеп сырғанаушының қазасына қатысты кінәні автокөлік ұрылары жартылай ғана мойындады. Олар бәрі аяқ астынан болғанын айтты.

Дереккөз: today.kz

 

4 наурыз 2019, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.