Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша жолаушылар пойызы шығарылады

1 785 просмотра


Алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды компания сайтында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз мәліметі бойынша:

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;
- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1 –ден 9, 23 наурыз күндері;
- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Соынмен қатар, №49/50 Алматы-2 - Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2 ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурыз күні кері сапарға шығады. 
Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен поездар іске қосылады. 
Осыған орай алдағы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр. 

4 наурыз 2019, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.