Атырау, 17 мамыр 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Мадуроның ақшасын қазақ ұстап отыр ма – СІМ жауап берді

1 812 просмотра

Фотоколлаж Tengrinews.kz
Біз оны анықтап жатырмыз – Ашықбаев. Мәжіліс қалтарыстарында сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Мадуроның миллиондары Қазақстан тумасының ресейлік қорында сақтаулы, деген БАҚ-та пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


– Иә, ондай адам бар екенін біз білеміз. Қазір соны анықтап жатырмыз. Бірақ Bloomberg-те жарияланған ол ақпараттың қаншалықты рас-өтірік екенін де нақты айта алмаймыз, – деген жауап берді журналистер сұрағына Ержан Ашықбаев.

Айта кетсек, ақпан айының соңында Bloomberg басылымы Николас Мадуро мемлекеттік миллиондаған долларды Nurlan Baidilda Ltd қоры басқаратын шоттарда ұстайды, деген ақпарат жариялаған болатын. Басылым дерегінше, Nurlan Baidilda Ltd қалталы адамдардың инвестициясын басқарумен айналысады, әрі оның қожайыны Қазақстаннан шыққан қазіргі Ресей азаматы.

– Nurlan Baidilda Ltd туралы ақпарат өте аз, – делінеді ол мақалада.

Дереккөз: zakon.kz

4 наурыз 2019, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.