Атырау, 17 мамыр 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Елбасының әлеуметтік бастамасын бизнес қолдайды

2 638 просмотра


Мемлекет басшысы «Нұр Отан» съезінде атқарушы билікке, партияға және «Атамекенге» нақты тапсырмалар берді. Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да аталмыш бастаманы іске асыруға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев Елбасы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларына қосымша қаражат бөлуді тапсырғандығын мәлімдеп, осы орайда шағын және орта бизнесті дамыту, жаппай кәсіпкерлікке бет бұру арқылы азаматтардың  тұрақты табыстарын арту мен жұмыспен қамтылуына тоқталып өтті.

"Кәсіпкерлікке баулу мектеп жасынан басталып, жоғары оқу орындарында жалғасын табуы керек деп есептеймін.

Елбасымыздың тапсырмасына орай, биылғы жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытумен қатар, жұмыссыз жүрген 40 мың ауыл жастары «Бастау бизнес» жобасына қатысатын болады. Жалпы сұраныстың артып отырғанын ескере келе,  жобаға бөлінетін қаражыны 20%-дан 30%-ға көтеруді ұсынамыз. Бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі 63 млрд теңге болуға тиісті.

"Елбасы айтқандай, көпбалалы отбасыларға үйде отырып табыс табу мүмкіндіктері жасалады, қосымша гранттар мен шағын несиелер квотасы бөлінетін болады.  «Атамекен» өз тарапынан көпбалалы отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке оқытып, қарапайым бизнес-жоспарларды ұсынуға дайын.  Үйде отырып қолөнер, кондитерлік өнімдер дайындау, киім тігу секілді кәсіпті жүргізуге мүмкіндіктер жасалады. Шығарған өнімдерін сату және тұрақты табыс жолын қалыптастыруға  Өңірлік кәсіпкерлер палаталары барынша көмектеседі.

Осы жұмысты жүйелі бағытқа қою үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасында көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған, қажетті қаржы қарастырылған арнайы бөлім болуы керек.

Жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін арнайы өңірлік даму бағдарламалар қажет.

Елбасы осы мақсатта ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке, әкімдіктер мен «Атамекенге» нақты тапсырмалар берді".

Өңірлік бағдарламалар әр аймақта бизнестің  жаңа әлеуетті бағыттарын анықтап, сол салада жаңа жұмыс орындарын ашуға түрткі болады.

«Атамекен» өткен жылы Атырау облысының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтайтын  зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде Атырау облысында күнделікті тұрмысқа қажетті, жалпы соммасы 100 млрд  теңгеден асатын қарапайым тауарлардың сырттан әкелетіні анықталды.  Ал, егер осы тауарларды сол өңірдің өзінде шығарар болсақ, шамамен 700 орта және шағын бизнес ашылып, 8 мыңға жуық адамға жұмыс орны ашылар еді. Дәл осындай жағдай басқа да өңірлерге де қатысты екеніне сенімдімін.

Қажетті қаржы бөлінер болса, бұл жұмысты барлық өңірлерде осы жылдың аяғына дейін шешуге болады.

Халықтың тұрақты табысының өсуі баға өсіміне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінгі күні инфляция 510 бағдар бойынша есептелуде. Дегенмен, халықтың басым бөлігі үшін  ең маңыздысы - азық-түлік пен киім-кешек, аяқ-киім бағасы. Бұл қажеттіліктер орта деңгейлі отбасындағы жалпы шығын үлесінің 60 %-дан астамына тиесілі.  Біз әлі де біраз тауарлар бойынша импортқа тәуелдіміз. Ал теңгенің құнсыздануы инфляцияға алып келеді. Мысалы, соңғы 5 жылда импорт көрсеткіші киім-кешекте - 85%, азық-түлікте - 36%, сусындар бойынша - 20%, жиһаз бойынша - 65% құрады.

Мемлекет басшысының импортты алмастыру және «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға қатысты тапсырмасы да бар.

Сонымен қатар, «Нұрлы Жол» және «Нұрлы Жер» бағдарламалары арқылы тұрғын үй және жол салу құрылысында да импортты алмастыратын үлкен әлеует бар. Елбасының тапсырмасына орай тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға қосымша 40 мыңнан астам пәтер салынатын болады, сондай-ақ елдімекендердегі жол желісін кеңейту де тапсырылды", - деді ол.

Ол сондай-ақ, банктер  бизнеске көзқарасын түбегейлі өзгертіп, сенімсіздіктен арылып, шағын және орта бизнеске жаңа ұсыныстар әзірлегені дұрыс деп мәлімдеді. 

"Елдегі 1,2 млн астам кәсіпкердің 80%-ы банк несиесін пайдаланбайды. «Атамекен» банктермен, даму институттарымен бірлесіп жаңа несие тұтынушылар тобын қалыптастыруға дайын. Осылайша, жеке ісін жаңа бастаған және бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің іріленуі мен бизнес деңгейінің өсуіне қолайлы жағдай қалыптасады.

Банктегі жалпы несиелеудің төмендеуіне қарамастан тұтынушылық несие беру секторы артуда. 2018 жылы жеке тұлғаларды банк арқылы қаржыландыру көрсеткіші 17%-ға өскен. Сондай-ақ нарықта жеке тұлғаларға несие беретін түрлі онлайн-компаниялар мен ломбардтар саны көбейген. Алайда бұл сегмент микронесиелік ұйым ретінде тіркелмеген әрі шекті жылдық 56% мөлшерлемесімен шектелмеген. Мұның салдарынан тұтынушылық несие алушылар саны күрт артып, қарызға белшесінен батқандар саны көбейген.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін,  заңнамаға «Атамекен» несие алушылар құқығын қорғауға бағытталған ұсыныстарды  әзірлемек.

Ұлттық қордан әлеуметтік бағытқа бөлінетін қаржыдан бөлек, қосымша қаржы көзі көлеңкелі экономика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс нәтижесінде арттырылатын болады.  Айтар болсақ, көлеңкелі сектор үлесі  ішкі жалпы өнімнің 26% құрауда".

4 наурыз 2019, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.