Атырау, 8 шілде 21:43
 дождьВ Атырау +23.9
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

1 336 рет қаралды


Хакерлік шабуылдан Астана әуежайының сайты уақытша қолжетімсіз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 3 наурызында сағат 00:37 минутта Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша қолжетімсіз болды. Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», -делінген хабарламада.  Комитеттің мәліметінше, әуежай сайты таңғы 10 сағат 20 минутта қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істеді. Шабуылдың әсерінен сайттың тек онлайн-тақтайшасы ғана қолжетімсіз болды, келеңсіздік әуежайдың жұмысына кедергі келтірмеді.   

Дереккөз: inform.kz



3 наурыз 2019, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.