Атырау, 17 мамыр 13:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Алексей Полторанин қамаудан босатылды

Бейнежазба
1 660 просмотра

Австрияда тұтқындалған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қамаудан босатылды. Австриялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерлесіміз қан допингін қолданғанын мойындаған. Полторанинмен бірге кінәлі екенін мойындаған өзге елдердің екі спортшысы да түрмеден шығарылыпты.


Мына бейнежазбада Алексеймен бірге ұсталған австриялық шаңғышы Макс Хаукенің қан допингін қабылдаған сәті бейнеленген. Қан допингі жарыста күш беру үшін алдын ала дайындалған өзінің қанын қайта өзіне құю дегенді білдіреді. 

Ал бостандыққа шыққан Алексейдің әлем чемпионатына әрі қарай қатысар-қатыспасы белгісіз. Себебі, ресми айыптау түспеді деген еліміздегі құзырлы органдардың өкілдері мән-жайды толық білмей отырғанын айтады.

Естеріңізге салайық, әлем чемпионатына қатысып жатқан Алексей Полторанин екі күн бұрын жарысқа шығар алдында допинг ережесін бұзды деген күдікпен қамауға алынған еді. Ал, Австрия заңы бойынша допинг қолдану қылмыстық іс саналып, айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: ktk.kz

2 наурыз 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.