Атырау, 13 қаңтар 04:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Абаев интернеттегі кідіріс туралы сұраққа жауап берді

2 017 рет қаралды


1 наурызда Астанада ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында министр Дәурен Абаев интернеттің бұғатталуына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

"Бұл сұрақ мыңыншы рет қойылды, мың рет жауап бердік. Интернет қашаннан бері біздің Күнімізге айналып кетті? Ол - бір. Екіншіден, бұл сұрақты интернетпен айналысатын компанияларға жолдаймыз. Бірақ қазір адамдар отырған кезде интернетте бөгеттер болуы мүмкін. Бұл мәселе жақында шешіледі" деді Абаев.

Қазақстандық интернет қолданушылар кешкісін елде әлеуметтік желілерге кіру қиындайтынын жиі айтып шағымданады. Интернеттегі бөгетке қатысты сұраққа Абаев бұған дейін де бірнеше рет жауап берген.

Дереккөз: azattyq.org


1 наурыз 2019, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.