Атырау, 17 мамыр 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Президент Жоғары сот кеңесінің мүшелерін тағайындады

1 753 просмотра

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері тағайындалды деп хабарлайды ведомство сайты

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Жанғұттинов Мейрам Құрмашұлы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елемесов Нұрмаханбет Мақсұтұлы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Манапов Ел-Назар Тұрсынбекұлы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қаудыров Төлеш Ерденұлы, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақылбай Серік Байсейітұлы тағайындалды. 

Адвокат Раисова Балгүл Амангелдіқызы Жоғары Кеңес құрамына адвокаттық қауымдастықтан қайта тағайындалды.

Осы Жарлықпен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері А.Д. Балағұмарованың, Л.С. Кудекованың, Е.Қ. Қаржаубаевтың, Ә.Ж. Құрықбаевтың, Н.Ә. Пазыловтың, М.А. Хожабергеновтің өкілеттіктері тоқтатылды.

1 наурыз 2019, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.