Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​«Қазақ Мессиі» Болгария клубына ауысады

1 425 рет қаралды


Қазақстан құрамасының 19 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің жаңа клубы белгілі болды, - деп хабарлайды KazFootball.kz. "Қазақ Мессиі" аталып кеткен футболшы "Уфадан" болгариялық "Левскиге" ауысады. 

"Нақтыланбаған ақпарарт бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының 19 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жақын уақытта болгариялық "Левски" ойыншысы атанады. 

Сейдахмет бүгін медициналық тексеруден өтеді. Бәрі сәтті өтсе "Уфадан" софиялық клубқа трансфер жасалады. Ауысудың мән-жайы әзірге белгісіз", - делінген хабарламада.

"Левски" ФК - Болгарияның алдыңғы қатарлы клубтарының бірі. 26 рет Болгария чемпионы атанған және 27 рет ел Кубогын иеленген. Айта кетейік, 2003 пен 2008 жылдар аралығы клубты Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станиимр стойлов жаттықтырған.

Дереккөз: vesti.kz

1 наурыз 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.