Атырау, 17 мамыр 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады

1 477 просмотра


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости

Полтораниннен бөлек австриялық шаңғышылар Макс Хауке мен Доминик Бальдауф та өз кінәларын мойындаған. Kurier мәліметі бойынша, үш спортшы өз кінәларын мойындарына алғаннан кейін, абақтыдан босатылды. Эстониялық екі шаңғышы әлі де қамауда отыр. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Алексей Полтораниннің қамаудан босатылғанын "Қазақстанның ұлттық шаңғы жарысы федерациясының" баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазір спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексей өзін мүмкіндігінше қалыпты сезінеді. Қазақстандық шаңғышының әлем чемпионатына қатысар-қатыспасы, сондай-ақ, осы жағдайдың мән-жайы кейінірек белгілі болады. Дәл қазір біз осы сұмдықтың біткеніне қуаныштымыз", - деді ҚР ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз хатшысы Самат Наурызова. 

Айта кетейік, аутогемотрансфузия (қан допингі) өзінің алдын ала дайындап қойған қанын реципиентке құю дегенді білдіреді. Естеріңізге салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған. Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. 

Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді. 

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, VADA полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - деген еді бапкер Алексей Наконечный.

Дереккөз: tengrinews.kz


1 наурыз 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.