Атырау, 17 мамыр 16:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

25 проценттік үстемеақы: Әкімдікте қай қызметшілердің жалақысы өседі

2 170 просмотра


ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі бойынша баяндама жасады. Президенттің тапсырмасы бойынша жергілікті жерде жалақысы төмен әкімдік қызметкерлерінің жалақысын 25 процентке арттыру қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Әкімшілік қызметшілерінің жалақысына қатысты айтар болсақ, аталған шара 78 мың мемлекеттік қызметшіге қатысты болады. Олар - жергілікті жерде жұмыс істейтін мамандар. Негізінен, сарапшылар, жетекші мамандар және бас мамандар. Орташа есеппен алғанда жалақы 25 процентке өседі. Мысалы, егер бас маманның орташа жалақысы 84 мың теңгені құраса, енді ол 100 мың теңге болды", - деді Р.Дәленов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қосымша 76,5 миллиард теңге қажет болады. Соның ішінде 2019 жылда 15,3 миллиард теңге керек. Айта кетейік, кеше "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 процентке көтеруді тапсырды.   

Дереккөз: inform.kz

 

28 ақпан 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.