Атырау, 21 желтоқсан 13:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Әріп танымаған бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бейнежазба
1 481 рет қаралды

Ақтөбе облысында бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер бұл мекемеде тексерулерін бастап кеткен. 


Бадамша ауылындағы балабақша тәрбиешісінің сабақ үстінде балаларды нұқып, құлағынан сүйреп жүрген бейнеролигі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Үлкен топтың бүлдіршіндерінің әріп танымағанына ашуланған апайлары айқайдың астына алуда.

Бұл роликті көрген ата-аналар таң атысымен балабақшаға ағылған. Тәрбиеші олардың көзінше арыз жазып, меңгеруші де жұмысынан кететінін мәлімдеді. Дегенмен, Қарғалы ауданының әкімдігі мен тәртіп сақшылары олардың жазасыз қалмайтынын айтады. Аудандық әкімдік жанынан арнайы комиссия да құрылыпты.

Дереккөз: ktk.kz

28 ақпан 2019, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.