Атырау, 13 қаңтар 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

​Тараздағы жарылыс: марқұмдардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі

1 246 рет қаралды


Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылысқа қатысты Елбасы тапсырмасымен арнайы құрылған үкімет комиссиясының мүшелері Тараз қаласына шұғыл ұшып келіп, оқиға орнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, оқиғаның себеп-салдары жан-жақты талқыланды. 

Жеңіс Қасымбек орын алған жағдайды егжей-тегжейлі зерделей келе нақты қорытынды шығару қажеттігін және қажет болса арнайы мамандарды басқа қаладан алдыру керектігін баса айтты. Барлық зардап шеккен тұрғындарға жеке-жеке хабарласып, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, уақытша орналасатын пәтерлермен қамтамасыз ету керектігін тапсырды.    


Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің басшысына қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың дүние-мүліктері қолды болмауын тапсырып, ондағы күзету жұмыстарын күшейту керектігін айтты. Штаб жұмысын өткізген комиссия тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. 

Сондай-ақ, қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына қала әкімдігі тарапынан 1 миллион теңгеден қаржылай көмек берілетін болды. Комиссия отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен облыс  әкімі Асқар Мырзахметов ауруханада жатқан тұрғындардың жағдайын білді.   

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:21-де Тараз қаласы «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы 62-үйде жарылыс болып, көпқабатты үйдің бір бөлігінің 1-3 қабаттары құлаған. 3 адам қаза тапқан. Бүгінде облыс басшылығы тарапынан жапа шеккендерге барлық қажетті көмектер көрсетілуде.  

Дереккөз: inform.kz

27 ақпан 2019, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.