Каирде пойыз рельстен шығып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Масрави" порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тағы бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. Қазіргі уақытта Каирдегі басты теміржол вокзалының ғимаратында эвакуация жүргізілді. Станцияда пойыз қозғалысы тоқтатылды. Өрт сөндіріліп жатыр.
Visuals from Cairo, Egypt, where an explosion at a train station has killed at least 24 people, dozens other injured pic.twitter.com/0ik728LiMA
— Khalid khi (@khalid_pk) 27 февраля 2019 г.
"Шурук ньюз" басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, өрттен шамамен 24 адамның қаза тауып, 50 адам зардап шеккен болуы мүмкін екенін хабарлады. БАҚ мәліметінше, олар иіс тиіп уланған.
#BREAKING: At least 24 dead and 50 injured after a train accident, causing a fire, at Ramses Station in #Cairo #Egypt. pic.twitter.com/SLvUzGEIvF
— Æźź (@azz________) 27 февраля 2019 г.
Дереккөз: tengrinews.kz