Атырау, 22 желтоқсан 22:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Ел қатарлы тұруға болады": президент ауылдардың әлеуеті жайлы сөз қозғады

1 404 рет қаралды


Назарбаев үкіметке "Ауыл - ел бесігі" жобасын әзірлеуді тапсырды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елді мекендерді дамытуды көздейтін "Ауыл – ел бесігі" жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасы ауыл азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтудың маңызын атап өтті.

"Адамдарға жұмыс берсек, сол жерде қалып, тұрақты еңбек етеді. Бізде шағын несие, тегін кәсіптік білім беретін бағдарлама, жол картасы бар. Мүмкіндік көп. Нақты жұмыс істеу қажет. Тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажет, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылда да ақша тауып, ел қатарлы тұруға болады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға болады. Осыған мысал болатын ауылдарымыз бар", - деді мемлекет басшысы Астанадағы "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "Ауыл – ел бесігі" жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы алдағы уақытта жол құрылысына 350 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.

"Бұл 2025 жылға дейін елді 95% жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді президент.

Сөз соңында мемлекет басшысы ауылдарға газ және су құбырларын тарту мәселесін назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 ақпан 2019, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.