Атырау, 23 желтоқсан 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды

1 568 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бұл бағдарлама денсаулық, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да саладағы миллион қызметкерлердің жанына тиеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік салада төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев 

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аудандардағы, облыстардағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырды. "Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды күшейту маңызды. Девальвацияның болуына байланысты біздің биржалық тауарлар тұрақсыз болды, жалақы да төмендеді", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Онда партия 20 жылдық жұмыстың қорытындысын талқылап, 2030 жылға дейін арналып жасалған бағдарламаның негізгі бағыттарын анықтап жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

27 ақпан 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.