Атырау, 23 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстың видеосы жарияланды

Бейнежазба
1 720 рет қаралды


Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұл жағдай бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады. Мамин Назарбаевқа Тараздағы ТЖ жайлы баяндады Соңғы мәліметтерге қарағанда, алты адам зардап шеккен. Олардың бірі - 14 жастағы бала, ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Екі адам қаза тапқан - әйел адам мен ер адам. 



"Облыс әкімінің басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнында 260 адам жұмыс істеп жатыр. Материалдық көмек көрсетіледі, зардап шеккендерге уақытша тұрғын үй береміз", - деді Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.


 


Дереккөз: tengrinews.kz

 

27 ақпан 2019, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.