Атырау, 19 мамыр 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Серік Сәпиев бапкерлердің мәртебесін көтеруді ұсынды

1 943 просмотра


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев педагог мәртебесі сияқты бапкерлердің де мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Бұл туралы комитет төрағасы Астанада өткен «Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру» атты панельдік сессияда айтты. «Бапкерлерге түсетін үлкен жүктемені ескере отырып, олардың бапкерлік сағаттарын жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің сағаттарымен теңестіру қажет. Сонымен бірге, педагог мәртебесі секілді бапкерлердің де мәртебесін көтеру қажет деп есептеймін. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына бапкер мәртебесін де қосу керек», - деді ол. Оның айтуынша, бапкерлердің бар уақыты іссапарларда өтеді. «Ұлттық құрамадағы бапкерлеріміз 9 ай бойы іссапарда, дайындықта, жарыстарда жүреді. Жеке өмірі мен отбасына бір жылдың 3 айын ғана бөле алады. Сондықтан, бапкер мәртебесін көтеру мәселесін талқылаймыз», - деді Серік Сәпиев.

Дереккөз: inform.kz


26 ақпан 2019, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.