Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысы әкімі болды

3 551 просмотра


Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

Ө.Е. Шөкеевті Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 26 ақпан

№  859

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев (12 желтоқсан, 1964, Түркістан) — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы (2011 ж. 26 желтоқсанынан). Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.

ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1991—1993 жж. қызметтерін атқарған.

1993—1995 жж. Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.

1995 ж. қараша айынан - ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған.

1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін - «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;

1998 ж. тамыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.

1998 ж. тамыздың 19 - Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.

2004 ж. наурызынан - Астана қаласының әкімі қызметін атқарған

2006 ж. қыркүйектің 20-сынан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2007 ж. тамыздың 27-нен - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

2009 жылғы 3 наурыздан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

2011 ж. 26 желтоқсанынан - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы.

26 ақпан 2019, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.