Атырау, 19 мамыр 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мадуро ұрлаған ақшаның ізі Нұрлан Байділдәнің қорына әкелді

1 494 просмотра


Венесуэла ұлттық ассамблеясының көшбасшысы Хуана Гуайдоның Вашингтондағы өкілі Карлос Веккио Твиттердегі парақшасына президент Николас Мадуроның ақшасы  Nurlan Baidilda Ltd қорында сақталғанын жазды. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Ол ұрланған активтерді қайтару бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айта келе «бұл қаражаттың көп бөлігі Nurlan Baidilda Ltd қорында деп айта аламыз»,-деп жазған.

Ал, Нұрлан Байділдә клиенттер мәліметінің құпиялығын алға тартып, саясатпен айналыспайтынын жеткізді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылдан бері Николас Мадуроға қысымды күшейтіп, әлем бойынша оның қаржылық шоттарына шектеу қойған. Сондай-ақ Үкімет шенеуніктеріне санкция салып, Гуайдоны президент ретінде мойындаған еді.

Дереккөз: baq.kz.

26 ақпан 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.