Атырау, 19 мамыр 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мәскеуде қазақстандық талантты студенттің мәйіті табылды

Бейнежазба
1 392 просмотра


Достары мен курстастары қазақстандық жігіт ешкіммен жанжалдаспағанын айтады. Ресейлік БАҚ Мәскеу мемлекеттік университеті химия факультетінің бесінші курс студенті Тамирлан Кирибаевтың қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қазақстандық сыртқы істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр.

Кирибаев Астана қаласындағы № 60 мектеп-лицейді бітірген, үш республикалық пәндік олимпиадада, сондай-ақ Мәскеудегі Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды. Хобби ретінде YouTube-дағы ғылыми-танымдық арнаны жүргізді.

"Комсомольская правданың" мәліметінше, студент жатақханада бөлмесінде ес-түзсіз жатқан жерінен табылған. Оның көршісі дәрігерлерді шақырған, өкінішке қарай олар 23 жастағы жігітті ажалдан арашалап қала алмаған. 


Достары мен курстастарының айтуынша, талантты студент ешкіммен жанжалдаспаған, қандай да бір проблемасы жайлы айтпаған.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 ақпан 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.