Атырау, 3 мамыр 05:21
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Бүгін Мәжіліс министрлердің кандидатураларын қарастырады

1 150 просмотра


Бүгін Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастырады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін депутат Александр Суслов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жалпы, Парламент Мәжілісі оны өте жақсы біледі. Мамин мырза бұл лауазымда жұмыс істей алады деп ойлаймын. Оған көп мәселе байланысты болады. Себебі Президент халқымыз жақсы өмір сүруі үшін әлеуметтік саясат бағытында міндеттер жүктеп отыр. Оның кандидатурасына 106 депутат бірауыздан қолдап дауыс берді», - деді А.Суслов. 

Сонымен қатар ол Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастыратындығын атап өтті. «Меніңше, 9 министр. Әзірше оған қатысты пікір білдіре алмаймын», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

25 ақпан 2019, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.