Атырау, 23 желтоқсан 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Павлодарда алимент төлемегендердің көлігін тартып алып жатыр

1 098 рет қаралды


Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемей жүргендермен күрестің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде жазба қалдырған өңір басшысының айтуынша,  осы аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі қойылған. 

- Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты, - деді облыс әкімі. – Тағы бір борышкер қарызының орынына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады. 

Еске салайық, Болат Бақауов бір апта бұрын көп балалы аналардың мәселесі бойынша өткен жиында алимент төлемей жүргендермен күресетіндігі жөнінде уәде берген болатын. Сонымен қатар, облыс әкімі ешкім өз балалары алдындағы міндеттен құтылып кетпеуі үшін сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін шақыруды тапсырды.

Дереккөз; pavlodarnews.kz 

25 ақпан 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.