Атырау, 13 қаңтар 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Беларусь телеарнасында қазақстандық телехикая көрсетілуде

1 339 рет қаралды


Ақпаннан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның тапсырысы бойынша түсірілген «Әке» телехикаясы Беларусь Республикасының «+ТВ» телеарнасы эфиріне шыға бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат телекорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Әке» телехикаясы бұл - басты кейіпкер мен балаларының басынан кешкен оқиғалар желісін сипаттайтын отбасылық драма. Айта кету керек, «+ТВ» Беларусь Республикасында ерекше қарқын алып келе жатқан телеарна. Телеарна эфирі елдің ірі кабельді операторлар желісі арқылы таратылады. Негізгі аудиториясы 3 000 000 көрерменнен асатын телеарна аптасына 7 күн, 24 сағат бойы хабар таратады. «+ТВ» телеарнасы үшін «Әке» туындысы қазақ медиаөнімі бойынша алғашқы тәжірибе.    

Дереккөз: inform.kz

24 ақпан 2019, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.