Атырау, 23 желтоқсан 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қызылордада үй қабырғасы құлап, 2 әйел үйінді астында қалды

1 726 рет қаралды


Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы атылып, үй қабырғасы құлап кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.

«23 ақпан күні Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы жарылған. Осының салдарынан 35 шаршы метр аумақтағы қабырға құлап түскен. Өрт болмаған. Үйінді астынан 1979 және 1964 жылғы екі әйел құтқарылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің жеке құрамынан 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.    

Дереккөз: inform.kz

24 ақпан 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.