Атырау, 23 желтоқсан 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дамир Исмағұлов UFC аясындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

1 546 рет қаралды


Ресейде тұратын қазақ Дамир Исмағұлов UFC аясында - екінші және кәсіби мансабында 18-інші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлады. 23 ақпан күні Чехияның Прага қаласында 145-ші UFC Fight Night турнирі өтетінін хабарлаған болатынбыз. 

Оның барысында 27 жастағы Исмағұлов испаниялық Джоэль Альваресті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Есеп - 30:27. Бұған дейін Дамир Исмағұлов қазақстандықтардың қолдауы үшін алғыс білдірген еді. Айта кетейік, Альварес бұған дейін 15 айқас өткізген, оның тек біреуінде жеңілген. Бұл, оның UFC Fight Night турниріндегі алғашқы жекпе-жегі. Ал Дамир үшін UFC аясындағы екінші айқас. Алғашқы жекпе-жегін Аустралияның Аделаиде қаласында өткізген еді. Ол жеңіліп көрмеген австралиялық, «Хитмэн» лақап атымен танымал Алекс Джоджестен басым болды. Төрешілердің шешімін естіген соң Исмағұлов рингке өзіне жақын екі мемлекеттің - Қазақстан мен Ресейдің туларын алып шықты. Кешті тікелей эфирден «Qazsport» арнасы көрсетті.

Дереккөз :inform.kz

24 ақпан 2019, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.