Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тимур Бекмамбетов Татарстан президенті көмекшісімен көңіл қосып жүр

Сурет
2 621 просмотра


Белгілі қазақстандық және ресейлік кинорежиссер Тимур Бекмамбетов өзінен 29 жас кіші Татарстан президенті көмекшісі Наталия Фишманмен көңіл қосып жүр деп хабарлайды SPLETNIK сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жақында Тимур Бекмамбетов өз Instagram парақшасында Наталья Фишманды құшақтап түскен суретін жариялады. Фотода екеуі де ақ жейде мен джинсы шалбар киген. Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары бірден режиссер мен оның серігіне бақыт тілеген.


Басылымның хабарлауынша, 57 жастағы кинорежиссер мен 28 жастағы шенеуніктің ара-қатынасы туралы әңгіме жақында ғана тараған. Оған Тимурдың Фишманмен бейресми түрде жиі кездесуі себеп болыпты.


Татарстанға келген режиссер көп уақытын сүйіктісімен өткізіпті. Оларды ақпан айының басында "Угол" шығармашылық лабороториясынан көрсе, 2018 жылдың тамыз айында жұп Якутскке барған.


Кей мәліметтерге қарағанда, режиссер мен президент көмекшісі Мәскеу қаласында танысқан.

Олардың арасындағы достық өткен жылдың көктем мезігілінде махаббатқа ұласыпты.

Бекмамбетов пен Фишман ресми түрде жауап беруден бас тартты.

Дереккөз: nur.kz

23 ақпан 2019, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.