Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қазақ Мессиі" отанына оралуы мүмкін

1 473 просмотра


Ресей премьер-лигасындағы "Уфа" аргентиналық шабуылшы Андреас Вомбергармен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған.

Мұның алдында Вомбергар словениялық "Олимпия" үшін ойнап, бір жарым маусымда ел чемпионаты мен Кубокты ұтқан. Сондай-ақ еурокубоктарға қатысты. Клуб үшін 34 матчте форвард 15 гол салды және төрт нәтижелі пас берді.

Словенияға дейін Вомбергар отанында "Атлетико Лос Андес", "Атлетико Феникс" және "Атлетико Итузаинго" сапында ойнады. Аргентиналықтың "Уфамен" келісімшарты 3,5 жылға есептелген. Трансфердің өзге шарттары айтылмады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" сапында. 22 ақпан Сейдахмет карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыруы мүмкін екені хабарланды.

Тараптар келісімге келсе, жақын арада "Қайрат" футболшыны сапына қосқаны туралы ресми хабарлайды. "Қайрат" мұның алдында да футболшыға қызығушылық танытқан, алайда, оның Қазақстан құрамасы сапында алған жарақатына байланысты трансфер болмады.

Алматылық клубтың Бақылаушы кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев қаңтарда "Уфаның" Кипрдегі жиындарына барып, ресейлік команда басшысы Шамиль Газизовпен кездескен болатын. 

Дереккөз: vesti.kz

23 ақпан 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.