Атырау, 28 наурыз 23:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Әкесінің келісімінсіз баланы Қазақстан азаматтығынан шығарып жіберген

1 967 просмотра


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты Қазақстан азаматтығын беру бағытындағы проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазақстанда басқа мемлекеттердің азаматтары болып саналатын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларының азаматтығын айқындауына байланысты туындаған оқиғалар өзекті мәселеге айналып келеді. Ата-ананың арасында некелерінің бұзылуы кезінде тиісті келісімге келмеген жағдайда аталған балалар осындай оқиғалардың құрбанына айналып,  бұл факті теріс сипатқа ие болады», - делінген омбудсмен баспасөз қызметінің хабарламасында.

«ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болғанда, яғни бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматығында тіркелген жағдайда,  ҚР аумағында туған бала Қазақстан азаматы саналады. Көптеген елдердің заңнамасы кәмелет жасына дейін баланың азаматтығы ата-анасының біреуінің азаматтығы негізінде айқындалады, бұл ретте екі ата-ананың арасындағы сенімхаттар мен шарттар назарға алынады. Бұл тұрғыда Омбудсменнің атына Қазақстан азаматының кәмелетке толмаған баласының мүддесін қорғау мақсатында жазған хаты мысал бола алады. 

Белгілі болғандай, Қазақстан аумағында туып, біздің еліміздің азаматтығын алған бала анасының әрекеттері салдарынан, яғни әкесінің келісімінсіз және оны ескертпестен,  Украина азаматына айналды.  Анасы ұсынған мәліметтері бойынша Қарағанды облысының құқық қорғау органдары қос азаматтыққа жол берілмеуі туралы ұлттық заңнама нормаларын негізге ала отырып, баланы Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешім қабылдаған. 

Сарапшылардың пайымынша, осындай шешімдерді қабылдау кезінде шектес елдердің уәкілетті қызметтерімен ықтимал өзара іс-қимылдарды жан-жақты зерделеу қажет. Бұл нақты оқиғада құқық қорғау органдары баланы қазақстандық азаматтығынан айыру туралы шешім қабылдаған кезде жеткіншектің әкесін хабардар етпеген. Олар тек баланың анасы ұсынған құжаттарды негізге алған.

Сонымен қатар,  қос азаматтыққа тыйым салатын украиналық заңнаманың бұзылғанын ескермеген. Жоғарыда айтылғандар ведомствоаралық, оның ішінде шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікпен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігін байқатады. 

«Балаларды елден тыс жерге көшіру және олардың шетел азаматтығын алу заңдылығы консулдық қызметтердің ерекше назарында болуы тиіс. Омбудсменнің пікірінше, азаматтың жасына қарамастан, Қазақстан азаматтығынан шыққан әрбір оқиға төтенше жағдай ретінде жан-жақты қаралуы тиіс», - деп жазды аппарат өкілдері. 

Осыған байланысты аталған мәселелерді құқықтық реттеуді жетілдіру орынды болып табылады. Жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында Украинаның Жоғарғы Радасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіліне, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне тиісті сауалдар жолданды.    

Дереккөз: inform.kz

22 ақпан 2019, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.