Атырау, 19 сәуір 18:12
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тоқтар Төлешовтің жалшысы: Шымкентте Иса-киллер тұтқынға алынды

1 834 просмотра


Шымкент полициясы бұрын істі болған 47 жастағы Иса Көшіковті ұстады. Күдікті Түркістан облысындағы қылмыстық ортада Иса-киллер лақап атымен танымал деп хабарлайды NUR.KZ.

Көшіков 2000 жылы жасаған қылмыстық ісі бойынша жауапқа тартылған. Құқық қорғау органдары күдіктіні "бірнеше адамды өлтірді" деп айыптауда.

2000 жылы желтоқсан айында Иса Көшіков екі танысымен бірге қаладағы кафелердің біріне келіп, Н. есімді азаматты атып кеткен. Жәбірленуші қолынан жарақат алып, қылмыскерлерден қашып құтыла алмапты. Оқиғаны тергеу барысында кісі өлтіру Тоқтар Төлешовтің тапсырысымен болғаны анықталды.

"Сыра королі" жұбайын балағаттағаны үшін Н. есімді азаматты өлтіруді бұйырыпты.

Тәртіп сақшылары 19 жыл бойы күдіктіні іздестірген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органы қылмысқа қатыстылардың бәрін анықтаған. Бастапқыда сот Көшіковті 50 миллион теңге көлеміндегі кепіл арқылы тергеу кезеңін жүргізу бұлтартпау шарасын тағайындады.

Алайда, прокурордың наразылығы бойынша облыстық сот шешімін өзгертті. Қылмыскердің өткен өмірінің ерекшелігін ескеріп, Шымкенттің қалалық соты кепілді алып тастады.

Күдіктіні қамауды ұстау туралы шешім шығарды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: nur.kz

22 ақпан 2019, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.