Атырау, 26 сәуір 23:47
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Лука Шимунович «Астанамен» еңбек келісімшартына қол қойды

1 423 просмотра


«Астана» футбол клубы 21 жастағы хорват Лука Шимунович еңбек келісімшартына қол қойды.

Лука «НК Загреб» клубының тәрбиеленушісі.  Хорватиялық қорғаушы «Спартак» (Юрмала) сапында ойнап, Латвия чемпионы атанған. Жас хорватиялық ойыншы Балтық еліндегі мансабынан кейін «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) сапында ойнаған.

Шимунович еурокубок аясында екі ойын өткізсе, оның алғашқсында «Спартак» (Юрмала) сапында Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде «Астана Аренада» алғаш рет алаңға шыққан. Ол кездесу елорда командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталған еді.

Лука қорғаныс шебіндегі бірнеше позицияда ойнап, алаңда тірек жартылай қорғаушының да міндетін атқарған. Шимуновичтің «Астанамен» келісімшарты 3 жылға жоспарланған.

Дереккөз: fcastana.kz

 

22 ақпан 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.