Атырау, 26 сәуір 12:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Енді Қазақстанда UFC жекпе-жектері көрсетілмейді

1 211 просмотра


"Qazsport" телеарнасының баспасөз қызметі UFC жекпе-жектерін трансляциялау туралы келісімшарт бұзылғанын атап өтті.  UFC турнирлерін трансляциялау тоқтатылғанын хабарлады.

"Qazsport" телеарнасы белгілі бір себептерге байланысты (телеарнаның тарапынан емес) Ultimate Fighting Championship жекпе-жектерін көрсетуді уақытша тоқтатады. Өкінішіке қарай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз", - деп жазылған хабарламада. 

 Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек "QAZSPORT" телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары да тап болды.

Qazsport өткен жылдың қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың ақпанына дейін телеарнамен бірге болған жекпе-жек сүйер қауымға алғысын білдіріп, болған жайтқа түсіністікпен қарауды сұрады.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 ақпан 2019, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.