Атырау, 16 сәуір 15:16
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады

1 641 просмотра


Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. 

"Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады. Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді: "Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді".

Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2019, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.