Атырау, 29 наурыз 19:40
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресейден бензин әкелуге 3 айға шектеу енгізіледі

1 549 просмотра


Ресейден Қазақстанға темір жол көлігімен бензин әкелуге 3 айға шектеу енгізіледі. Мұндай шара ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 ақпанда жария етілген бұйрығында: «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына темір жол көлігімен бензин (Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атауының коды: 2710 12 41 - 2710 12 590 0) әкелуге 3 ай мерзімге шектеу енгізілсін», - делінген.

Естеріңізге сала кетсек, Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармайдың шекара асып кетуіне тосқауыл қою үшін тиісті бұйрық дайындалғанын айтқан болатын. https://www.inform.kz/kz/vice-ministr-kazakstanga-reseylik-benzin-kazhet-bolmay-kaldy_a3497538 «Бастапқыда стратегиялық қорды құру шараларына екпін қойдық. Бүгінде оны тәулік сайын тексеріп отырмыз. АИ-92 бензині бойынша 300 мың тоннадан кем емес деңгейге жеткізуге тырысудамыз. Бүгінде бензин артығымен өндірілуде. Қазіргі кезде 350 мың тоннадан астам қор жиналды. Сонымен қатар, биыл аталған көрсеткіштен асыра өндіру мүмкіндігіміз бар, яғни 500 мың тонна бензинге жеткізе аламыз», - деді вице-министр.

Дереккөз: inform.kz

 

22 ақпан 2019, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.