Атырау, 29 наурыз 03:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

1 533 просмотра


ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Президенттің үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі дер кезінде қабылданды. Қазақстандағы жағдай әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарасты қажет етіп отыр. Парламент сенаты жұмысқа түзетулер енгізеді", - деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні кешкісін Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі, кейінірек видеоүндеуі жарияланды.

Елбасы үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты", - делінген мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылады.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 ақпан 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.